|
![]()
Если сайт казахский — он обязательно должен попасть в наш каталог. Не нашли свой сайт? Добавьте его бесплатно.
|
Педагогический журнал Казахстана "Коллеги"
Сайт в каталоге с 11-01-2009 | Данные были изменены 19-12-2010
Здесь вы можете познакомиться с лучшими разработками уроков, классных часов, внеклассных мероприятий ваших коллег. |
gulnara_kaligulova@mail.ru
19-03-2014 08:44
Здравствуйте, уважаемые коллеги, отправила вам 7 комментариев на работы учителей, хотелось бы самой опубликоваться.Как это сделать?
Beauty_asema@mail.ru
13-04-2014 22:14
Здравствуйте! Как можно опубликовать статью в вашем журнале?
Zkriyanova@bk.ru
25-02-2015 12:25
как и когда могу получить свидетельство за публикацию
baIapan.1969@maIi.ru
13-04-2015 07:02
Тіл – қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлау барысында балалардың білім деңгейі, сөйлеу дәрежесі ескеріледі.Тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесе жүріп, олардың білім деңгейін анықтайды, аты-жөнін, әке-шешесінің атын, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелесе отырып, бағдарлама мазмұны негізінде күнтізбелік жоспар жасайды.
Үш жастағы балаларға сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлем мүшелерін жетілдіру, сөзді, сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс естіп тыңдай білуге үйрету.
«Сөз», «Дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын әрі қарай дамыту балабақшаның негізгі міндеттерінің бірі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 4 негізгі мақсат қарастырылады.
1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту.
3. Грамматикалық категорияларды меңгерту.
Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ) т.б. сөздерді үйрету. Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін, заттың іс-әрекетін білдіретін (жүреді, жүгірді, келді, қияды, екті, септі т.б.) сөздерді меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында,үстінде,асты,астында,жоғарыда,төменде т.б) қосып айтуға үйрету.
Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, демшығара білуге үйрете отырып дауыссыз, катаң, ұяң дыбыстарды естіліуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету. 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату.
Зат есімге іс-әрекетті білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрату.Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше айтуға үйрету. (Менің досым, біздің ойыншықтарымыз т.б)
Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген-түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету.
Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:
1. Затты бақылауға дағдыландыру;
2. Балалардың түсінігін байқау, сұраққа дұрыс жауап беруін қадағалау;
3. Бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру.
Мысалы: бала үй жануарларын бақылағанда (қозылы қой, бұзаулы сиыр) олардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы (қозы, қой, сиыр) ұқсас жақтары туралы салыстыра айта білуі тиіс немесе ойын арқылы оқу іс-әрекетін одан әрі жалғастыру.
Бала тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізіп отыруға болады:
1 Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім-кешек, ыдыс-аяқ, тағам, үй мүліктері) көрсету, баланың қолына беріп, атын сұрап айтқызу.Осы заттарды қайда, неден (ағаштан, шыныдан, шыттан, жүннен, темірден т.б) жасалатынын кімге, неге, не үшін керек екенін ұғындыру.
2 Баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден сөйлем құрап айтуға үйрету.Бала суреттен үйдегі затты көрсетіп, бірде атын атаса, екіншіден сол заттардың көмегімен жасалатын сі-әрекет, оның ерекшелігі туралы сипаттама айтуға жаттыға бастайды.
3 Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң шағын әңгіме құрастыруға дағдыландыру керек.
а) Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы жетекші сұрақ беріп әңгіме жүргізу.
ә) Ойыншықтары, жақсы көретін кітабы жайында әңгіме айтқызу.
б) Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету.
в) Сюжетті көркем суреттерді көрсетіп, оның мазмұнын әңгімелеп беруге баулу.
г) Жеке заттық атауларды білдірумен қатар киім, мал, төл, ағаш, тамақ,
жеміс, көкөніс т.с.с жалпы ұғымды білдіретін сөздерді түсіндіру.
ғ) Белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге үйрету. Ішінде, үстінде, астында, қасында, жанында, артында, ортасында, шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде қолдана білуін қадағалау.Ол үшін балаға сурет көрсетіп әңгімелескенде, нақтылы бір жұмыс түрін орындатқанда, ойын кезінде мынадай сұрақтар беруді ұмытпаған жөн. Қуыршағың қайда тұр?(үстелдің немесе диванның үстіне, астына)
Сүт қайда тұр? Затты көпше, жекеше айтуға үйрету: кітаптар,қуыршақтар, кімнің? ненің? кімдікі? – деген сұрақтарға жауап ала отырып, жеке сөздерді септік, көптік, тәуелдік жалғаулар жалғап айта білуге жаттықтыру.
Баланың тілін жаттықтыруда көп көмек беретін мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар баланы ойландырып, толғандыратын өтірік өлеңдер, ертегі, аңыз әңгімелер және ойындар арқылы.
Тілге жеңіл, мазмұны түсінікті, ойната сөйлететін шығармаларды тыңдаған бала оны қиналмай жаттап алып айта береді.
Тілді үйретудегі құралдар: бесік жыры, эпостық шығармалар, аңыз-әңгімелер т.с.с.
Сондықтан да, әр тәрбиеші күнделікті тәрбиеде ауыз әдебиеті үлгілеріне жүгінуі керек.
Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК
Жүргімбекова Күләш Мұхаметқалиқызы
Әдіскер
baIapan.1969@maIi.ru
13-04-2015 07:05
как и когда могу получить свидетельство за публикацию
swetlanamochkina@mail.ru
31-10-2016 20:07
Отправила вам разработку урока. Скажите, пожалуйста, как можно получить сертификат о публикации?