|
![]()
Не рабочие сайты или сайты, не относящиеся к Казнету мы выключаем из каталога. Если заметили такой можно пожаловаться модератору в карточке сайта.
|
Поэт Мухтар Шаханов
Сайт в каталоге с 28-08-2009 | Данные были изменены 26-12-2010
Персональный сайт поэта Мухтара Шаханова. |
kazbek_aizhanov@mail.ru
31-10-2010 20:44
Арбада отырып-ақ әлемді мойындатты
Бөлімi: Тағдыр | | Автор: Редакция
25.02.2010
Аякөздік суретші Қалибек Айнажаров Мәскеуде өткен бүкіләлемдік «Миротворец» көрмесінде өз туындыларымен барша жұртты таңғалдырды. Бұрын есімі ешкімге белгісіз болып келген шебер мүгедектер арбасында отырып-ақ керемет туындылар жасайды.
Өткен жылы қараша айында халықпен тікелей эфир арқылы жүздескен Президент Нұрсұлтан Назарбаев эфирге шықпаған сұрақтардың бәріне тиісті органдар арқылы жауап берілетінін айтқан. Қалибек те Елбасынан Мәскеуде өтетін дүниежүзілік «Миротворец» көрмесіне қатысуға қолдау көрсетуді өтінген. Сол-ақ екен, сауалы эфирден оқылмаса да, Президент тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы көмекке келді.
Айта кету керек, «Миротворец» дүниежүзілік Альянсы Қалибек Айнажаровтың өнерімен интернет арқылы таныс. Ол бұған дейін де Қалибекті көрмеге екі рет шақырған. Алайда, қаражат тапшылығы қолбайлау болды.
Мәcкеудегі өнер көрмесі он бес күнге созылды. Желтоқсан айының соңғы күндерінде есігін айқара ашқан көрме қаңтар айының 12-не дейін жалғасты. «Бейбітшілік – өнер арқылы» (Мир через искусство) деген атпен өткен көрмеде әлемнің Үндістан, Грекия, Италия, Испания, АҚШ, Израиль, Германия, Армения, Грузия, Куба, Украина сынды мемлекеттерінің аты аңызға айналған қылқалам шеберлерінің, суретшілері мен академиктерінің картиналары орын алған болатын. Көрме шығармашылық пен мәдениет арқылы Бейбітшіліктің мәнін түсінуге арналған-ды.
Қалибек өнердің бұл түрімен жеті-сегіз жылдан бері ғана айналысады. Соған қарамастан оның қандай да бір туындыны өзіндік орындау техникасы мен мәнері, фольклорлық желісі бүкіл әлем суретшілері арасында үлкен қызығушылыққа ие болып отыр. «Дала әндері» атты циклді туындылары қазақтың салт-дәстүрінен, тарихынан, әдебиеті мен мәдениетінен сыр шертеді. Мұны өзі киелі Аякөз өңірінің тарихи жылнамасы деп санайды.
Шебер қазақ халқының тарихы мен өнеріне, мәдениетіне қызығушылық танытатын әлемнің 11 елінің азаматтарымен хат жазысып тұрады, оның жеке сайтына да туындылары туралы пікірлер көптеп келіп жатады. Оның жұмыстары Канада, Ресей, Израиль, АҚШ, Германияда кеңінен танымал. Бірақ Мәскеуге дейін Қалибектің Алматы, Астана, Семей, Өскемен қалаларында ұйымдастырылған көрмелерге ғана қатысу мүмкіндігі болды.
«Өзін тапқан адам – бақытты, жоғалтпаған – бақыттырақ одан да», дейді Қадыр Мырза Әлі ағамыз. Тағдыр оны бала жасынан-ақ аямады. Белгісіз бір дертке ұшыраған бозбалаға дәрігерлер алғашында дұрыс диагноз қоя алмады. Анда шапты, мында шапты. Ақыры, меңдеген ауру дегенін істеп, аяқ басуы мұңға айнала бастады. Өмірдің қызығына енді ғана батып, балауса көңілі шалқып жүргенде аяқ астынан аурухана төсегіне таңылу деген қандай ауыр. Өзі сияқты құрбы-құрдастары армандарын арқалап, жайраң қағады. Бұл болса, белгісіз дерттің соңы не болады деп зарығып, бұла көңілін мұң басып ақ халаттылармен ғана сөйлесетін жағдайға жетті. Сосын, бір күні жүректі солқ еткізіп «операция жасамай болмайды» десті дәрігерлер. Пышаққа түскісі жоқ еді, амал бар ма? Көнді. Ал содан кейін басталды дейсің. Операция операцияға жалғасып, жеті жыл өтті.
Адам маңдайға жазылғанына көнеді екен. Ол небәрі 21 жасында екі аяқтан бірдей айырылды. Сол кездердегі психологиялық қиналысын айтпа?! Жанын шүберекке түйіп, өмірден баз кешіп кеткісі де келген. Бірақ, қажыр-қайрат тапты. Өзін жоғалтпай, жігерлене білді. Өмірге салауатты көзбен қарап, іштей ширығып, өзінің ешкімнен кем еместігін дәлелдеуге ұмтылды.
Қазіргі кезде он екі мүшесі сау адамдардың өздері сенделіп, істерге жұмыс таппай бос жүреді. Қалибек арбаға таңылып, қарап отыруды жөн көрмеді. Анда-мында шығып, қандай да бір шаруа тындырсам деген ой үнемі мазалап жүретін. Ақыры, «Москвич-412» көлігін сатып алып, оны қолмен басқарылатын етіп құрастырып шығады. Бала кезден техникаға әуестігінің пайдасы тиді. Көлігі қолды-аяқты баладай, зыр-зыр қағып тұр.
Дағдарыс шіркін көпшілікті қыспаққа алған күрделі кезде жары Айгүл екеуі нан пісіріп көрсек деп, отбасылық бір шешімге келді. Айгүл нан өнімдерін қалай әзірлеудің жөнін біледі. Қалибек көлігімен бар шаруаны тындырады. Сөйтіп, іс нәтижелі болып, ерлі-зайыптылар Аякөздің нан нарығында өзіндік орны бар кәсіп иелеріне айналды.
Бірақ іштегі өнер бәрібір тыным таптырмайды екен. Жасынан ептеп сурет салатын Қалибек бос уақытында ағаштан ойып, түрлі заттар, сувенирлер жасаумен әуестенді. Тұтас ағашқа бедерлеп ою салды. Бірте-бірте әр туындысын белгілі бір мәнге, мағынаға құрып, шығармашылықпен жұмыс істей бастады. Сөйтіп көріп еді, небір әдемі дүниелерді өрнектеді. Қолынан келеді екен. Қалибек өзін жаңа қырынан тани бастады.
Осыдан үш жыл бұрын өз туындыларын ғаламторға орналастырды. Енді әр елден жылы пікірлер айтып, электронды поштамен хат жолдағандар көбейді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, алыстағы адамдардың қолөнер туындысына берген бағасына көңілі марқайып, іске бұрынғыдан да құлшына кірісті. Көп ізденетін болды.
Қалибектің жұмыстарымен танысқан «Резва-дерево» сайтының басшысы, мәскеулік Олег Смирнов пошта арқылы екі түрлі қымбат қашау да салып жіберіпті. Осылайша, қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, мақал-мәтелдері мен аңыз-әфсаналары арқау болған көптеген туындылары дүниеге келе бастайды. «Үш жүз», «Қыз қуу», «Қобызшы», «Ақын», «Омар Хайям» сынды алуан тақырыптағы туындыларының әрқайсысында терең философия жатыр. Мәселен, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры негіз болған «Махаббат туралы дастан» атты туындысынан сәйгүлік үстінен бір-біріне ынтыға қол созған ғашықтардың жолы түйіспегені бейнеленсе, «Ақсақ киік» туындысына Сәкен Сейфуллиннің осы аттас поэмасы негіз болыпты. Ұлттық нақышпен ерекшеленетін шығармалары ішінде саятшылық тақырыбындағы туындыларының да берері көп. Әр шығармасында көшпенділер өмірінің ұмыт бола бастаған жәдігерлері көрінеді, ұлы даланың бар болмысы паш етіледі.
– Мен артық нәрсенің бәрін алып тастаймын да, нені бейнелеп көрсетпек болсам, соны ғана қалдырамын. Басқа материалдарды қолданғанда ағашқа қарағанда өз ойыңды жеткізу, бейнелерді беруде мүмкіндігің шектеулі болса, ағашқа сурет салғанда бейнелер мәнерлірек шығады және ағаш сол бейнелерге жылылық береді,– деп түсіндіреді Қалибек шебер. – Шығармаларыма халқымыздың мақал-мәтелдерін, аңыздарды, ән мен жырды арқау етемін. Өйткені олар жалпыға мәлім. Сондықтан, бұлардың әрқайсысы қайталанбайтын тақырып деуге болады. Олардың саған дейін ешкім назар аудармаған жаңа қырын көруге, мәнін ұғынуға мүмкіндік мол.
Ағаштан түйін түйетін шеберлер аз емес. Дегенмен де, тұтас ағаш бетіне бедерлеп сурет салатындар некен-саяқ. Мұның оңай шаруа емес екендігі де белгілі. Әр картинаны жасау үшін 3-5 ай уақыт қажет. Мұндай төзімділіктің, табандылық пен қажырлылықтың кез келген адамның бойынан табыла бермейтіні де белгілі. Қалибек Ішпекбайұлының шебер қолымен жасалған осындай құнды дүниелердің ұзын саны отыздан асып жығылады.
Оның туындыларын шетелдік қолөнер шеберлері 5-20 мың долларға бағалайды екен. Туындыларын сатып алуға ұсыныс білдіргендер де жоқ емес. Тіпті, Ресейге шеберлік сыныбын жүргізуге шақырғандар да бар.
Ол жан-дүниесіндегі ерекше бір толғаныстың нәзік иірімдерін жарыққа шығара алатын жол тапты. Мүгедектер арбасында отырып-ақ өнерді көкке көтеретін күш-жігер жинады.
Күлия РАИСОВА
Мен түсінбедім, ойлана қарай, өз елімді
Қарамай, бағаламаған дүниелік Жеңісімді
Айтылмаған - ашты сөздер, жыртты жанды
Әлде елім меңіреу - соқыр ме екен
Жаратылған құдайдың кең - Әлемінен?
Тірегім бар болса - жер аударамын !
Тарихта қалды ғой сөзі, бір данышпанның.
Арбамен Әлемнің төріне шығып көрші -
Тірексіз! - көрермін сонда сенің мықты болғаныңды
Қиял, еңбек, терең оймен туған дүниеңді
Не істерсің? Еліңде, --
Көзіңді бақырайта тұрып, Отаным деп - ұрлағаны.
Бөрінің, сиынған бір тәңірісі білемін барын
Өмірдің қырсығына - осылай неге ұрынамын?!
Алдымнан шыққан - бөгет болған,
Ұсақ иттер, талайы ұмтылып еді, жықпақ бола
Білмепті, қиындық пен - мен үйрендім, - жағаласа,
Басымды, - иттерге мен имеймін -
Төртаяқты арба да, отырсам да.
Кең дүние, - неге осылай қисық болғаның?!
Талайы өтіпті ғой, қойып құдайға бұл сұрағын!
Бұл қырсықтан өтті ғой талайы, шалына жылай
Өтпеппеді - Шәмші, Мұқағали болашаққа - арыз жазбай?
Арыздарын - отырмын, мен де жалғай.
Тіршілікте - жанымызда жүргенінде
Қиял - армандармен өтіпті ғой, бағаланбай.
Кім көріп, түсінген олардың жан айқайын?!
Кім көріп сезген терең ойдан - қиналғанын?
Жандарына ізденістен --
Халқым, елім деп! - маза бермей
Арамызда жүріпті ғой, - қадірленбей
Айтшы маған - болғаны осының - ҚАЛАЙ, НЕГЕ ?!
Темір ілмек тұрмақ, алтыннан мүсін - құйсаң да
Жылаған мен, енді қайтпас олар, бұл дүниеге.
Енді - кеткен сон жүреміз ғой,
Ауыздан есімдерін бір тастамай,
Мақтаудан жақтарымыз тақылдап, бір жабылмай,
Айтпаппау елімізде -
Тіршілікте сыйласпаған соң -
Отырыңдар енді көтті кысып,
Болмаңдар, - жоқтау айтқан қу сайқалдай!
Калибек 2010.
kazbek_aizhanov@mail.ru
01-11-2010 11:02
поправка адреса kazbek_aizhanov@mail.ru
kazbek_aizhanov@mail.ru
01-11-2010 11:03
поправка адреса kazbek_aizhanov@mail.ru